«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2024 жылы «Қандыағаш-Ембі» автомобиль жолы жөнделеді

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Ақтөбе өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Халық тарапынан Қандыағаштан Ембіге дейінгі жолдың жағдайына қатысты шағым өте көп. Жол жамылғысының бұзылуына соңғы жылдары Мұғалжар тауынан Қандыағаш және Ақтөбе қалалары бағыты бойынша инертті материалдар таситын ауыр салмақты жүк көліктерінің артуы себеп.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, «КАЖ Сервис» ЖШС пайдаланушы мекеме биылғы жылы шұңқырларды жою, жүру бөлігі және жол жиегін  пішіндеу жұмыстарын жүргізген.  Сонымен бірге, Мұғалжар тауынан 350 тонна инертті материал тасылып, қауіпті аймақтарда шұңқырларды бітеу және жол жамылғысы тегістелуде.

Келер жылы Қандыағаш қаласынан бастап Жұрын ауылына дейін, яғни 30 шақырым орташа жөндеу жұмыстары бөлінетін қаржыға сәйкес жүргізілетін болды. Шамамен 4 млрд.тг қаражат қажет. Министр қажетті қаржының бөлінуіне ықпал ететінін айтты.

Бүгінгі күні «Шалқар-Қандыағаш» бағытындағы жолдың 20 шақырымында орташа жөндеу бойынша асфальт жұмыстары аяқталды. Алдағы жылы аталған жол «Қандыағаш-Ембі» бағытындағы құрылыс жұмыстарымен қатар, бір уақытта жасалады.

Көлік министрі Марат Қарабаев облыс әкімі Асхат Шахаровпен бірге «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» автомобиль жолының «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскелеріндегі реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Мердігер компания өкілдері  автомобиль жолын келер жылы толықтай пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Ақтөбе облысы аумағында «Бейнеу-Бозой-Шалқар» автожолында техникалық-экономикалық негіздеме дайындау жұмыстары басталды. 2024 жылы «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» республикалық автомобиль жолының екі учаскелерінде құрылыс жұмыстары басталады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады

admin_mugalzhar

АҚКЕМЕР АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Дәрігерлер 5 жастағы баланың бүйрегінен шаш түйрегіш алып шыққан

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.