«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жарық ауылына жыл соңына дейін газ беріледі

Ауылда 104 үй, 3 әлеуметтік нысан бар, 556 адам тұрады.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың жұмыс сапары Мұғалжар ауданында жалғасын тапты.
 
Мұғалжар ауданына қарасты ауыл тұрғындарының айтуынша, газ тарту жұмыстары былтыр басталып, тоқтап қалған. Өйткені, «Асу-К» мердігер компаниясы келісімшарттағы міндеттемелерін орындамапты.

Екі апта бұрын 266 млн теңгеден астам сомаға жаңа компаниямен келісімшарт жасалып, жұмыстар қайта жанданды.  «A.T.E-ЖОЛ» ЖШС директоры Азамат Жәлімбетовтің сөзінше, Жарық ауылына жыл соңына дейін газ тартылады. Құбырлардың диаметрі – 110, 160 см.

Ауылдың сумен қамтылу мәселесі де толықтай шешілген. «Элитстройсервис» ЖШС жұмыстарды аяқтауға жақын. Айтып өту керек, Жарыққа су тарту 2021 жылы қолға алынған еді, алайда мердігер компанияның жосықсыз деп танылуынан жұмыстар жоспар бойынша жүргізілген жоқ.

Биыл Мұғалжар ауданында Жарықтан бөлек, Мұғалжар мен Жаңатұрмыс ауылдарына көгілдір отын, Құмсайға су тартылады. 9 ауылға ауызсудың кешенді блок модулі қондырылды. Осылайша, аудандағы 37 елдімекеннің 24-і газдандырылады. Ал ауызсумен қамтылу 100% көрсеткішке жетеді.

Ұқсас ақпараттар

РӨЛІ ОҢ ЖАҚТА ОРНАЛАСҚАН КӨЛІКТЕР ЕНДІ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРМАЙДЫ

admin_mugalzhar

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

admin_mugalzhar

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.