«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»: Республика күні аталып өтті

Кеше 25 қазан – Республика күніне орай қандыағаш қаласында «Менің Қазақстаным» атты салтанатты шара өтті. Сұлтан» демалыс орталығында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Бақытжан Кадралин қатысып, жиналғандарды Ұлттық мереке Республика күнімен құттықтады. Сонымен қатар шарада аудандық бөлім, кәсіпорын, мекеме басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары болды. 

Он үш жылдан кейін мәртебесі қайтарылған ұлық мерекенің құрметіне ұйымдастырылған шарада ауданның дамуы жолында елеулі еңбектерімен көрінген бір топ сала қызметкерлері марапатталды.

Атап айтатын болсақ , Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруда айрықша қызмет етіп, партияның саяси бағыт-бағдарын жүзеге асыруға атсалысып, ұйымның алға басуына сіңірген елеулі еңбегі үшін «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың «Құрмет» грамотасы Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаровқа табысталды. Еліміздің тұрақтылығы мен кемелденуі жолында қосып жүрген үлесі мен өңіріміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметі үшін «ҚазақОйлАқтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Қанатбек Қасымғалиев және Ат спортынан Ақтөбе облысының бас бапкері, республикалық «Ұлы дала жорығы2023» марафон бәйгесінің вице чемпионы Айбек Нақбаев, сондай-ақ дзюдодан жасөспірімдер және жастар арасында Азия, Еуропа Кубогінің жеңімпазы Әділет Алмат Ақтөбе облысы әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатымен марапатталды.

«Таулы Қарабақ ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан Ардагері» төсбелгісі және Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы еңбегі үшін Мұғалжар ауданының әкімі мен аудандық мәслихаты төрағасының Алғыс хаты «Таулы Қарабақ қақтығысының» ардагері Тұрлан Қыдырбаевқа табысталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының І дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісі Ізбасар Дощановтың кеудесіне тағылды.

Шара барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Бақытжан Кадралин түрлі сала қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге, қоғам белсенділеріне Алғыс хат тапсырды. Шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ән мен жырдан шашу шашты.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

 

Ұқсас ақпараттар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс – Үкімет басшысы

admin_mugalzhar

ОБЕСПЕЧАТ СЕЛЬЧАН ВОДОЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.