«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНДА МЕДПУНКТ АШЫЛДЫ

Бұлақты ауылында жаңа стандарттық үлгідегі медициналық пункт ашылды. 20 келушіге арналған пункт қажетті заманауи құралдар және жаңа жиһаздармен жабдықталған.
Медициналық пунктің ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Жаңадан пайдалануға берілген медициналық пунктің құрылыс жұмыстарын «Baspana Buld» ЖШС-і жүргізді.
Медициналық пункт «Amanat» партиясының «Жол картасы» сайлауалды бағдарламасы аясында салынды. Онда 2 медбике мен 2 қызметкер Егіндібұлақ ауылдық округінің тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Ұқсас ақпараттар

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

admin_mugalzhar

Ата заң жобасы пысықталып, нақтылана түсті

admin_mugalzhar

Президент жасанды интеллект дәуіріндегі әлемдік ахуалдың тұрақсыздығы туралы айтты

admin_mugalzhar