«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 20 МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ҚАТАРЫНА КІРГЕН СӘБИЛЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қазақстанда 20 миллионыншы жеткен күні Мұғалжар аудандық перзентханасында дүниеге келген мұғалжарлық сәбилер мен аналарды аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және іскер әйелдер қауымдастығы мүшелері перзентханаға барып құттықтады.

2023 жылы 14 қарашада еліміздің халық саны 20 миллионға жеткен күні Мұғалжар аудандық ауруханасында үш сәби және Ембі аудандық ауруханасында бір сәби дүниеге келді. Дүниеге келген сәбилердің үшеуі қыз, біреуі ер бала.
Еліміз бойынша 14 қараша күні дүниеге келген барлық сәбиге құрмет көрсетіліп жатыр.

Аудан әкімінің орынбасары дүниеге келген сәбилердің аналары Гүлсезім Бүкенбайға, Әйгерім Дүзелбайға, Марьяна Кубаеваға құрмет көрсетіп, сәбилердің Туу туралы куәліктерін табыстады. Сәбилердің өмірге келуіне себепкер болған дәрігерлер мен арнаулы мамандарға алғысын білдірді.

Сонымен қатар аналарға аудандық аурухана мен аудандық іскер әйелдер қауымдастығының атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ән-шашуларын тарту етті.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰМСАЙ МЕН ҚАРАКӨЛГЕ САНИТАРИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Коронавирус статистикасы енді симптомды және симптомсыз болып бөлінбейді

admin_mugalzhar

Байқаңыздар, қызылшадан қауіп төнді…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.