«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ 20 МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ҚАТАРЫНА КІРГЕН СӘБИДІ ПЕРЗЕНТХАНАДАН ШЫҒАРЫП АЛДЫ

Қазақстанда 20 миллионыншы жеткен күні Ембі аудандық перзентханасында дүниеге қыз баланы әкелген ембілік Жадыра Төретованы Ембі қаласы әкімінің орынбасары Иманбай Қосмұхамбетов бастаған Ембі қалалық қоғамдастық кеңесінің мүшелері мен Ембі қалалық мәдени орталығының қызметкерлері салтанатты түрде шығарып алды.

Еліміз бойынша 14 қараша күні дүниеге келген барлық сәбиге құрмет көрсетіліп жатыр. 29 жастағы Жадыра Төретованың үшінші сәбиі. Перзентханадан шығарып алу сәтінде Ембі қаласы әкімінің орынбасары Иманбай Қосмұхамбетов жас ананы құттықтап құрмет көрсетті.

Ұқсас ақпараттар

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: 479 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ОСЫ ЖҰРТ ӘБІЛБАЙДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН? («КОММУНАЛШЫ» ЖШС-НІҢ БАСШЫСЫ ӘБІЛБАЙ ЖУКАШЕВ ТУРАЛЫ)

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

admin_mugalzhar