«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЙНАЛАЙЫН — 2023

Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі аудандық “Айналайын-2023” балалар шығармашылығына арналған байқау өтті.
Дәстүрлі және эстрадалық ән-би өнерлерін кеңінен насихаттай отырып, балалар шығармашылығын дамытып, өскелең ұрпақты үлкен сахнаға дайындау мақсатында Қазақстанның халық әртісі, композитор Әсет Бейсеуовтің — 85, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері А.Қоразбаевтың — 75 және қазақтың тұңғыш балеринасы Н.Тапалованың 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған байқауда қалалық, ауылдық округтерден келген өнерпаз балалар бақ сынасты.
Байқауға эстрадалық ән, дәстүрлі, хореография жанрлары бойынша 6 би ұжымы мен 36 өнерлі бала қатысып, ережеге сай өнерлерін паш етті.
Қоытындысында дәстүрлі жанр бойынша Бас жүлдені ақкемерлік Асыл Амантай, хореография бойынша Бас жүлдені Еңбек ауылдық округінен келген “Асылым” би ұжымы, эстрадалық ән жанры бойынша Бас жүлдені 1-11 жас аралығындағы балалар арасынан жұрындық Назерке Жолан алса, 12-15 жас бойынша Бас жүлдені қандыағаштық Досымжан Сағымжан иеленді. Сонымен қатар 1,2,3-жүлделі орындар иегерлері де анықталды. Белсене қатысқан өнерпаздар мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының Алғыс хатымен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады. Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

admin_mugalzhar