«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

TALANTTAR ӘЛЕМІ — 2023

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ғимаратында «Talanttar Әлемі-2023» Халықаралық шығармашылық көпжанрлы байқау-фестивалі өткен еді.

Ақтөбе облыстық «Talant Studio» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген байқауда балалар хореография, вокал, хор, аспаптық жанр, халық фольклоры, бейнелеу өнері және сәндікқолданбалы өнер, көркем сөз және театр бойынша бақтарын сынады. Байқаудың мақсаты — талантты орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды іздеу, анықтау және қолдау, өскелең ұрпақтың орындаушылық мәдениетін, көркемдік талғамын жетілдіру және Халықаралық байланыстарды нығайту болып табылады. Осы байқауда Дәулет Серікбаев жетекшілік еткен Мұғалжар аудандық «Ds theater studio» театр ұжымы бақтарын сынап, Гран-При жеңіп алды. Театр ұжымына арнайы кубок және ұжымның әрбір мүшесіне, атап айтар болсақ, Ерсұлтан Аликешов, Батырхан Байланов, Инара Жұмағазина, Мади Гапиров, Алуа Мырзағали, Айханым Қали, Үміт Жолмұрат және Инаба Төлегенге арнайы медальдар мен дипломдар табысталды.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына қатысады

admin_mugalzhar

Ақтөбеде қалдықтарды газ, электр энергиясы мен тыңайтқыш өндіретін шикізат ретінде пайдалану жоспарланып отыр

admin_mugalzhar

Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.