«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР ҰМЫТПАЙДЫ АЙМҰРАТЫН…

ЕМБІ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНДА МҰҒАЛЖАРДЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ, ӘНІМЕН ӘЛЕМДІ ӘУЕЛЕТКЕН, ӘНШІ-КОМПОЗИТОР, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АЙМҰРАТ МӘЖІКБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ.

Аталған кешке өнер иесінің туыстары мен өнердегі достары, әріптестері арнайы келді. Олардың қатарында ҚР Мәдениет қайраткерлері Қанат және Светлана Айтбаевтар, филология ғылымдарының кандидаты Өтеген мен Алма Жакуповтар, ҚР мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір болды. Аталған кеште композитордың «Бақытты бала», «Мұғалжарым», «Туған жер», «Ақтөбем», «Анашым», «Асыл аға», «Балапаным», «Аққуым» әндері шырқалды. Сондай-ақ Ертай Ашықбаевтың сөзіне жазылған Ақтөбе телеарнасының гимні «Қазақстан-Ақтөбе» әні жиналғандардың жүрегін жаулады.

Әншінің әріптестері Аймұрат Мәжікбаев туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Еске алу кешінде сөз салған аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов ақын туралы жылы лебізін білдірді. Шара соңында Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағали шараға атсалысқандарға Алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

2025 жылы қай мамандыққа грант көп бөлінеді – министрлік жауап берді

admin_mugalzhar

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді

admin_mugalzhar

Құдайберген Жұбанов ХАКІМ АБАЙ ЖАЙЫНДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.