“Qazagstan” ұлттық телеарнасындағы атышулы мегажобаға қатысқан жерлесіміз Миржан Жидебай “Көрмей таңдау” кезеңінен өткен еді. Қазақстан эстрадасының әншісі, тәлімгер Қуандық Рахымның тобын таңдаған әнші “Жекпе-жек” сынынан да мүдірмей өтіп, келесі кезеңге жолдама алды.
18 жастағы жас әнші өнер жолындағы белестерді бағындырып келеді. Бұған дейін ол “Junior Eurovision Qazaqstan” музыкалық жобасында финалист, “Baqytty bala” конкурсының бірінші дәрежедегі лауреаты атанған еді. 2019 жылы Ресейдегі “Голос дети” сайысында ақтық мәреге өткен Миржан Полина Гагаринаның тобында өнер көрсетті. “Qazaqstan дауысы” жобасының тәлімгері Қуандық Рахым жерлесіміз Миржан Жидебайға “камбэк жасауға келген эстраданың жаңашыл әншісі” деп баға беріп, өнеріне жоғары пікір білдірді.