«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАМАНДАР АУДАНҒА КЕЛДІ

Ауданға Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  М.Сербаев, М.Оспанов атындағы БҚММУ кафедра меңгерушісі, профессор М.Кұрманғазин келіп, жалпы инфекциялық аурулардың, оның ішінде қызылшаның алдын алу үшін екпенің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аудан орталығында болған санитариялық-эпидемиолог мамандар облыс аумағында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыз екенін тілге тиек етті. Сонымен бірге аталған ауруға шалдыққандардың 87% қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар арасында, олардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі сәбилер екеніне баса назар аударып, қосымша жаппай иммундау қажет екенін жеткізді. Ауданда атқарылып жатқан жұмыс нәтижесін аудан әкімі Дархан Ермағанбетов баяндап, бірқатар ұсыныс жасады. Сонымен бірге аудан әкімі аудан аумағында қызылша инфекциясының одан әрі таралуын тежеуге бағытталған қажетті басқарушылық шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Облыстық эпидемиолог мамандар Қандыағаш қаласынан кейін Ақкемер ауылына барып, екпеден бас тартқан ата-аналармен кездесіп, жалпы инфекциялық аурулардың, қызылшаның алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Екпенің маңыздылығы туралы да айтып, қызылшаға қарсы екпе алуға шақырып, екпе тұрғындардың тұрғылықты жеріндегі емханаларда ақысыз жасалатынын атап көрсетті.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Эпидахуалды бағалау матрицасы: «қызыл» аймаққа тағы 4 облыс кірді

admin_mugalzhar

АЯУЛЫМ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

«ҚАУІПСІЗДІК БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ОНКҮНДІГІ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.