«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ — ЕЛ МҰРАСЫ

Қандыағаш қаласындағы №4 ЖББОМ-нің Лаура Тулекова жетекшілік еткен 5”В” сыныбы аудандық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отырып, “Ұлттық құндылық — ел мұрасы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатындағы шараға музей қорында сақтаулы тұрған торсық, шәй сандық, кесеқап секілді экспонаттар апарылды.
Сонымен қатар осы сынып оқушысы Олжас Күмісбек сынып жетекшісінің үйретуімен “Ши тоқу” өнерін көрсетті. Шараның қорытындылау бөлімінде ұлттық салт-дәстүрді, қолөнерді дәріптеу мақсатында оқушыларға викторина ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар

Сот төрелігі академиясы судьяларды даярлауда ЖИ қолданады

admin_mugalzhar

27 инвестор —«Жасыл дәліз» жобасының қатысушысы

admin_mugalzhar

«Жас сақшы» аллеясы — оқушылардың экологиялық болашаққа қосқан үлесі

admin_mugalzhar