«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Қ.Жұбанов ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылына газ берілді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты.

Мерейлі сәтте ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасқан аудан әкімі ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Аудан басшысы ел ішінде жүргізіліп жатырған жұмыстардың, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі мақсаты халықтың әлауқатын көтеру болып табылатынын және бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетіндігін айтты. 152 тұрғыны, 30 үйі бар ауылдастарының атынан ауыл тұрғыны Шекер Есентілеуова көгілдір отынның келуіне атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Аудан басшысы көгілдір отын келген ауыл тұрғыны Бердімұрат Аликуловтың шаңырағында болып, қуаныштарына ортақтасты. Жаңатұрмыс ауылына газ тарту жұмыстарын «АСК-7 НС» ЖШС-і жүргізді. Соңғы жылдары Жаңатұрмыс ауылында бірқатар игі істер атқарылды. Атап айтсақ КБМ кешенді блок модулі ауыз су ұңғымасы орнатылды. Сонымен қатар Жаңатұрмыс негізгі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңатұрмыс ауылы — ғылым мен білімді меңгеріп, рухани мәдениеттің өркендеуіне сара жол салып, оны ұлықтата білген алаштың ардақты ұлдары – ағайынды Құдайберген мен Ахмет Жұбановтардың туған жері. Бұл жерде Қуан атаның қасиетті құдығы бар.

Ұқсас ақпараттар

Таншолпан Туракбай: «Шитье – это отличная возможность развивать свои таланты»

admin_mugalzhar

В ОКРУГЕ РАБОТА КИПИТ

admin_mugalzhar

Биылдан бастап колледждерде кімдер тегін оқиды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.