«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты
Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ақкемер ауылында болды.

Топ құрамында Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының саяси талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, топ жетекшісі Нұрғиса Көшеров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев, мемлекеттік қызметтің ардагері, ауданның Құрметті азаматы Аманкелді Шунимов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шамшат Әбдірзақов, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Төлеулі Махимов, аудандық мәслихаттың депутаты Алмат Сматов бар.

Ақпараттық-насихаттық топ өкілдері Ақкемер ауылындағы «Ақбұлақ-21» ЖШС-і жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу барысында насихаттық топ өкілдері Жолдауда айтылған басым бағыттардың маңыздылығына тоқталды. Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында Ақкемер ауылында жаңа спорт кешенімен көп функцияналды спорт алаңы салынатындығын, Ақкемер ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеу өткізілетіндігін, Жарық ауылына газ тартылатындығын, Елек ауылының кіреберіс жолы асфальттанадығын, ауылға жаңа амбулатория ғимараты салынатындығы, Көтібар батыр ауылына ұялы байланыс мұнарасы орнатылатындығы айтылып, жұмысшылардың ұсыныс-пікірлері қабылданды.
«Ақбұлақ-21» ЖШС-гі жұмысшылары Президент жолдауын қолдайтындарын білдіріп, жоспарланған жұмыстарды орындауға өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

230 ЖАС – «ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» АЛАҢЫНДА

admin_mugalzhar

Биыл Ақтөбе облысында 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.