«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҮЗУ СПОРТЫ: БҮЛДІРШІНДЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Қандыағаш қаласының «Жасstar» дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жүзу спортының тәрбиеленушілері Байғанин ауданында өткен ашық біріншілікке қатысып, жүлделі оралды. Аталған жарыс Тәуелсіздік күніне орай өткізілді.
Байғанин аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде өткен су спортының жарысы екі күнге жалғасты. «Жасstar» кешеніндегі жүзу спортының аға жаттықтырушысы Есенжол Ахмет 2011-2012, 2013-2014, 2015-2016 жылы туған балалар арасында өткен додаға Қандыағаш қаласынан жалпы саны 12 бала барғанын жеткізді.
Жарыс нәтижесінде 2015-2016 жылы туғандар арасында 25 метрге еркін және шалқалап жүзу әдісінен сынға түскен Балнұр Мырзамұрат І орын, Даяна Аманғали ІІІ орынды иеленген. Ал командалық жарыста бақтарын сынаған Балнұр Мырзамұрат, Даяна Аманғали, Нұрасыл Қайролла, Амир Амантаев II орынды қанжығаларына байлаған.
Біздің тәрбиеленушілер жаттығуды енді ғана бастады. Спорт кешенінің де ашылғанына көп бола қойған жоқ. Соған қарамастан жарысқа барған балалар жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Әлі де талай жарыстарда топ жарып, ауданымыздың атын шығаратын боламыз, — деді аға жаттықтырушы Есенжол Ахмет.

Ұқсас ақпараттар

Роза МҮСЕНОВА, «Amanat» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы: ДӘСТҮРІМІЗДІҢ ШЕКАРАСЫ КЕҢЕЙДІ

admin_mugalzhar

«Қазақстан аруы — 2021» байқауында дауыс беру басталды

admin_mugalzhar

Ұлттық банк Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.