«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады

Мәдениет және ақпарат министрлігі 23 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.
Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды

admin_mugalzhar

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН ІЛКІМДІ ІСТЕР

admin_mugalzhar

Болатбек ШАҒАЛБАЕВ: CАНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАУ — АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ

admin_mugalzhar