«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК бүгін Астанада және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жариялады.

Астанада жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысында боран соғады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.  Түнде облыстың орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Атырауда түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Өңірдің солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде таңертең және түстен кейін боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні — 15 м/с.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда түнде тұман болады. Қонаевта батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 18 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде боран соғады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 25 м/с құрайды. Петропавлда күндіз боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  облыстың солтүстігінде, батысында 25 м/с құрайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде тау асуларында екпіні 23 м/с дейін жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түркістанда күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұқсас ақпараттар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

admin_mugalzhar

Украинадағы қазақстандықтарға арналған арнайы рейс жоспарланып отыр – Елшілік

admin_mugalzhar

ЖАРЫҚ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.