«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік жас республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды

Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 1 154 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 5 бағыт«Ғылым», «Мәдениет»,  «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» салалары бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.

Ақтөбелік жас, С.Бәйішев университетінің аға оқытушысы Бекжанова Данагүл Бекболатқызы үздіктер қатарынан табылды. Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылтыр ауылында дүниеге келген.

28 жастағы педагог-психолог «Харассмент және оған қарсы тұру механизмдері» атты жобасымен «Ғылым» бағыты бойынша жеңімпаз атанды.

Жобаның мақсаты: жасөспірімдерді харассмент ұғымы туралы ақпараттандыру және оған қарсы тұру механизмдеріне бейімдеу. Психикалық денсаулығын, әлеуметтік белсенділігін және толыққанды өмір сүру сапасын арттыру.

#тәуелсіздікұрпақтары

Ұқсас ақпараттар

Ряд поездов могут задержать из-за взрывов в Жамбылской области

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады

admin_mugalzhar

Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндеттелді

admin_mugalzhar