«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС САЛУ — ҮЛКЕН ТӘУЕКЕЛДІ ШЕШІМ

Қазақстанда АЭС салу мәселесі соңғы уақытта көп талқылануда. Атом электр стансасы парниктік газдардың шығарындыларын азайтып, климаттың өзгеруіне қарсы тұра алатынын білеміз. Шынында да, АЭС парниктік газдар шығармайды және дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда ауаға зиянды заттар шығармайды. Бұл жағынан алғанда, АЭС «жасыл» энергия көзі болып табылады. Алайда, АЭС салудың қаупі де аз емес. Ең үлкен мәселе – ядролық қалдықтар мен радиацияның әсері. Чернобыль мен Фукусима оқиғаларының бізге үйреткені – ядролық апаттардың салдары өте ауыр болатыны. Радиацияның қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығынаұзақмерзімді зияны ұшан-теңіз.

АЭС салынған жағдайда, оның апатсыз жұмыс істеуі мен ядролық қалдықтарды қауіпсіз сақтау мәселесі қаншалықты шешілетіні белгісіз. Сонымен қатар Қазақстан уран өндіруде алдыңғы қатарда болғанымен, уран қоры шектеулі және оның өндірілуі экологиялық мәселелер туғызуы мүмкін. Оған қоса, АЭС салу ұзақ жылдармен үлкен қаржылық шығындарды талап етеді, ал бұл қаражатты жаңартылатын энергия көздеріне, мысалы, күн немесе жел энергиясына бағыттаған дұрыс па деген сұрақ туындайды. Менің ойымша, АЭС салу – үлкен тәуекелді талап ететін шешім, сондықтан оған жан-жақты сараптама жүргізу қажет.

Қоғамдық пікір мен ғылыми негіздемелер мұқият қарастырылған жағдайда ғана бұл мәселе шешілуі тиіс. Физика пәнінің мұғалімі ретінде, мен АЭС-тің пайдасын түсінемін, бірақ оның қауіп-қатерлері мен ұзақ мерзімді әсерлерін ескерген жөн деп ойлаймын.

Гүлжайнар ҮМБЕТОВА, Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі.

Ұқсас ақпараттар

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

admin_mugalzhar

СТУДЕНТТІК ӨМІР ЕҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІ… ЕРКЕ ШАҒЫМНЫҢ

admin_mugalzhar

АТА-АНАЛАРМЕН БАЙЛАНЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.