«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды

Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалған. 2023 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ, деп хабарлады turkystan.kz. сайтына сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді.

2023 жылдың танымал 10 есімі:

Ұлдар арасында Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза есімдері көп қойылған.
Қыздар арасында Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым есімдері көп қойылған.
Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.

«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

 

Ұқсас ақпараттар

Бүгін Көрісу күні

admin_mugalzhar

10-11-сыныпта ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

admin_mugalzhar

Қазақстанда интернеттің әлсіздігіне байланысты онлайн сабақ болмайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.