«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫ ӘСКЕРИ КҮШІ ЖАҒЫНАН РЕЙТИНГТЕ ҚАЙ ОРЫНДА ТҰР?

Әскери күш деңгейі бойынша елдердің жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Еліміз 58-орында. Рейтингке әлемнің 145 мемлекеті кірді. Қазақстан армиясы Орталық Азия елдері арасында үздік атанып отыр.

Рейтинг Global FirePower Index сайтында жарияланды. Әр елдің әскери күш индексін (PwrIndx) есептеу 60 түрлі көрсеткіш бойынша жүреді, олардың арасында логистика, география, қаржыландыру және басқа да көрсеткіштер ескеріледі.

Елдің индексі нөлге неғұрлым жақын болса, оның әскери күші соғұрлым жоғары болады. Осылайша Қазақстан осы рейтингте 58-орынға ие болды – Қазақстан армиясы Орталық Азия елдері арасында үздік атанды.

Өңірдегі қалған елдер төменде орналасқан. Қазақстан рейтингте көтерілгені айтылады — 2022 жылы қазақстандық армия 64-орында, былтыр 63-орында болған.

Әскери күшінің ең жоғары көрсеткіштері бар елдер АҚШ, Ресей және Қытай болды, ал рейтингтің соңғы орнын Бутан алады.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

САҒА АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция жобасы құқықтық дәлдікті қамтамасыз етеді – Құралай Садықова

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.