«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ — БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында Ембі қалалық кітапханасының кітапханашысы Б.Кунаева «Біз білмейтін сырлар» атты портрет кешін өткізді.
Кешке Ембі қалалық №3 ЖББОМ-нің 8 «Б» — сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында Бердібек Соқпақбаевтың «Үзік-үзік суреттері» және «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек» атты шығармалары мен «Менің атым Қожа» повесі баяндалып, аталған шығармалар кейіпкерлерінің бастан кешкендері туралы айтылды.
Сонымен бірге «Қазақ әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. «Менің атым Қожа» фильмінен «Kahot» ойыны ойнатылып, оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Ұқсас ақпараттар

Бес ауданда егіс егу жұмыстары ерте басталады

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА БАСТАМАЛАР МЕН ИДЕЯЛАР АЛАҢЫ

admin_mugalzhar

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

admin_mugalzhar