«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде биатлоннан жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді

Ақмола облысы Щучье қаласында биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Байрақты бәсеке 10-20 наурыз аралығында Щучье қаласынндағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Белгілі болғандай, құрлықтық додада Азияның 7 елінен 100-ден астам жас спортшы келеді.

Жарысқа қатысушылар 3 сайыс түрі бойынша сынға түседі. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд және Қазақстан мемлекеттері бар.

Құрлықтық додада балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Жарыс Азия биатлон федерациясының қолдауымен өткізіледі.

2025 жылы Қытайда Қысқы Азия ойындарын өткізу жоспарланып отыр.

Жарыс бағдарламасы:

12 наурыз, сейсенбі- Жеке жарыс (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
13 наурыз, сәрсенбі- Жеке жарыс (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
14 наурыз, бейсенбі- Спринт (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
15 наурыз, жұма- Спринт (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
16 наурыз, сенбі- Із кесу (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
17 наурыз, жексенбі- Із кесу (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар).

Ұқсас ақпараттар

Қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау жүріп жатыр

admin_mugalzhar

МНОГОДЕТНЫЕ СЕМЬИ РАЙОНА ПОЛУЧИЛИ КЛЮЧИ ОТ НОВЫХ КВАРТИР

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.