«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 25 қаңтардағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын», — делінген құжатта.

2024 жылы әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлер саны

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – 600 адам;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
  • Ұлттық ұлан – 42 адам;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам.

Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.

Ұқсас ақпараттар

КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА ДЕМ БЕРІП, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ҚОЛҒА АЛДЫ

admin_mugalzhar

ӨНДІРІС ОРНЫ КОЛЛЕДЖГЕ МЕТОДИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының автожолдарында 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.