Астана әкімдігінің хабарлауынша, 8-14 қыркүйек аралығында өтетін көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің төрт мыңға жуық өкілі қатыспақ. Қазірдің өзінде бұл ауқымды шараға 107 мемлекет қызығушылық танытқан.
Ойындарды өткізу үшін елорданың 6 негізгі спорттық инфрақұрылымы бекітілді: «Астана-Арена» стадионы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз айдыны сарайы, «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» қонақүй кешені, «Қазанат» ипподромы.
Мәдени бағдарламаның негізгі алаңы «Қазанат» ипподромына іргелес «Көшпенділер әлемі» этноауылы болады. Ойындарды ұйымдастыруға 1000-ға жуық ерікті қатысады.
@qazaqstantv