«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ МАҢЫЗДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Мемлекеттік мүлік туралы заңды жаңартуды тапсыруы – еліміздің экономикалық жүйесін түбегейлі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Бүгінде мемлекет қатысатын ұйымдар саны 25 мыңға жуықтап, олардың бірқатарының қызметі нақты тиімділік әкелмей отырғаны рас. Бұл жеке сектордың дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, бюджет шығынын да арттыруда. Сондықтан жаңа заңда мемлекеттің экономикаға араласу шегі нақты белгіленіп, мемлекеттік активтерді басқарудың ашық әрі нәтижелі тетіктері көрсетілуі қажет. Президент атап өткендей, коммерциялық емес міндеттерді орындауда коммерциялық тәсілдерді шамадан тыс қолдану қисынсыз шығындарға алып келуде. Бұл мәселенің шешімі – артық мемлекеттік ұйымдарды қысқартып, стратегиялық маңызы бар салаларды ғана мемлекеттің бақылауында қалдыру. Қалған бағыттарды бәсекелі ортаға беру жеке бизнестің белсенділігін арттырып, инновация мен тиімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар заңды жаңарту арқылы мемлекеттік мүлікті басқарудағы құқықтық талаптар күшейтіліп, жауапкершілік те артады. Бұл – мемлекеттің экономикадағы рөлін оңтайландырып, кәсіпкерлікті қолдауға серпін беретін реформа. Ең бастысы, мемлекеттік сектор мен жекеменшік сектор арасындағы тепе-теңдік дұрыс орнатылса, Қазақстанның экономикалық әлеуеті әлдеқайда жоғары деңгейге көтеріледі.

Жұлдыз Ерланқызы, белсенді жас.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтеріледі

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МЕКТЕП — ҮЗДІК МЕКТЕП АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Первые выборы районных акимов в Казахстане состоятся в 2024 году

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.