«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 3 МАМАН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 15 жылға жуық уақыт аралығында мемлекетке де, жас мамандарға да тиімді екенін дәлелдеп келеді. Тиімдісі сол, жоғары оқу орнын бітірген, қолында дипломы бар жас мамандар ауылға барса, мемлекет есебінен біржолғы көтермеақы ала алады. Сонымен қатар аз пайызбен несие беріліп, сол қаржыға жергілікті жерден тұрғын үй сатып алады. Жағдайын жасаған жас маман өз саласы бойынша мамандығымен жұмысын ауылда жалғастыра береді. 2009 жылдан бастау алған бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 127 маман бюджеттік несие алып, тұрғын үймен қамтылса, 404 маманға көтерме жәрдемақы берілді.
Оның ішінде өткен жылы аудан бойынша 5 маман бюджеттік несие алып, тұрғын үймен қамтылды. Тарқата айтсақ, 4 жас маман білім саласы, ал 1 маман ветеринария саласы бойынша алды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болған осы жас мамандар мамандықтары бойынша Ақкемер, Жұрын ауылдық округтерінде еңбек етуде.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында жалпы 25 жас маманға көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде Ақкемер ауылдық округі бойынша — 14 маман, Жұрын ауылдық округінде 5, Құмжарған ауылдық округінде 1, Батпақкөл ауылдық округінде 2, Қайыңды ауылдық округінде 2, Жұбанова ауылдық округінде 1 маман көтерме жәрдемақы алды.
Ал биыл «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша 3 жас маманды тұрғын үймен қамту, 20 маманға көтерме жәрдемақы төлеу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЖАРЫСҚАН ЖАС

admin_mugalzhar

ЕКПЕ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Байқаңыздар, қызылшадан қауіп төнді…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.