«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«MUGALZHAR LIGA» АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

2024 жылдың 10 ақпан-10 наурыз аралығында әр сенбі-жексенбі күндері Қазақстан футзалы федерациясының бекітілген ережесі бойынша кіші футболдан “MUGALZHAR LIGA” Мұғалжар аудандық ашық турнирі өтпек.
Жастар арасында кіші футбол спортын дамыту, спортшылардың шеберліктерін шыңдау, достық қарым-қатынасты нығайту, аудан тұрғындарына кіші футболды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнир Қандыағаш калалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ойын залында өтеді.
Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Мұғалжар Отан» өндірістік оқу орталығының ұйымдастыруымен өтетін жарысқа Ақтөбе облысына қарасты аудан және қалалық округтер командалары қатыса алады. Жарысқа қатысу жарнасы — 30 000 теңге.
Жарыс жеңімпаздары кубокпен, жүлделі орындар бойынша медальдармен, мақтау қағаздары және номинациялар бойынша («Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Сұрмерген») марапатталады.
Сұрақтар бойынша +7 777 443 43 43 байланыс телефоны арқылы Данияр Шерниязовқа хабарласуға болады.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

admin_mugalzhar

IX ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА СПОРТШЫЛАР САҚАДАЙ САЙ

admin_mugalzhar

МИКРОБҚА ҚАРСЫ АПТАЛЫҚ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar