«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жерлестермен жүздесу

«Ақтөбе – құтты мекен» халықаралық форумы аясында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Еркін Дүсіпов пен Дүниежүзілік Қазақстан Қауымдастығы бірлестігінің қызметкері Мұхит Ізбанов мұғалжарлық жерлестерімен жүздесті.

Айта кету керек, кеше Ақтөбеде  «Ақтөбе –құтты мекен» халықаралық форумының  ашылу салтанаты болды. Форумға алыс-жақыннан жиылған барлығы 300-ге жуық жерлестердің басы қосылып, облыс орталығында  мемлекеттік жеке меншік серіктестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмдері арқылы жүзеге асқан бірнеше жобалардың зердесі кесіліп, бірқатар әлеуметтік нысандар жергілікті халықтың игілігіне тарту етілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, қолға алынған халықаралық форумның аясында облыс орталығына жақын аудандардың жерлестері туған жерлеріне табан тіреді.

Ғалым, заңгер, полиция полковнигі, Қақақ КСР Жоғары Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты, Дүниежүзілік Қазақстан Қауымдастығы бірлестігінің қызметкері Мұхит Ізбанов пен заң ғылымының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Еркін Дүсіпов жерлестерімен кездесу сәтінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндірді. Өздерінің өмір жолдарынан кейінгі жас буынға өнеге боларлық істері сөз етіліп, халыққа қызмет көрсетіп жүрген жас мемлекеттік қызметшілерге қазіргі уақытта біліктілігін артырудың, ілім-білім ізденудің қажеттілігі жайында айтылды. Сонымен қатар, Елбасының елдің рухани бағытта дамуы жайында да әңгімелер қозғалды.

Ауданға мейман болып келген жерлестер аудан орталығына жақын елді мекендерде болып, ауылдың бүгінгі ахуалымен танысты.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫН: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

«Қазір кінәлілерді іздейтін уақыт емес» — Аймағамбетов ата-аналарға

admin_mugalzhar

ОРМАН АЛҚАПТАРЫНДА ҚУРАҒАН АҒАШТАР КЕСІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.