«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазіргі сәттегі Ақтөбе облысының автожолдарындағы жағдай

Қарлы боранның салдарынан облыс аумағында 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожолдар жабық,— деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Облыстық полиция қызметкерлері автожолдарда тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Қазіргі таңда жолдарға 46 полиция жасағы жұмылдырылды.
Полиция құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп апаттық-құтқару жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Автожолдардың жабық учаскелерінде қар құрсауынан 8 автобус шығарылып, 151 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды және жақын жердегі жылыту пункттеріне жеткізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері трассаларда 50-ден астам автокөлік құралдарын сүйемелдеуді жүргізді.
Полиция департаменті азаматтарды елді мекендерден тыс жерлерге бармауға шақырады.
Полиция департаменті азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайын ескеріп, елді мекендер аумағынан шықпауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

КӨЛІК САЛЫҒЫ: ТҰРҒЫНДАР 22 МЛН 728 МЫҢ ТЕҢГЕ БЕРЕЖАҚ

admin_mugalzhar

Қайыңды ауылында электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin_mugalzhar

Тоқаев Жамбыл облысының бірнеше шенеунігін қызметінен босатуды тапсырды

admin_mugalzhar