«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін ақтүтек боранда 18 шақырым жаяу жүрген

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауы бойынша авариялық құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімі, әскери бөлімдер және жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылды.

Мұғалжар ауданының құтқарушылары 18 шақырым бойы «Трэкол» жол талғамайтын көліктің алдына шығып жол көрсеткен болатын.

Құтқарушылардың бірі қарауыл бастығы – Ақдәулет Әлидің айтуы бойынша:
– «Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. «Трэколмен» шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені қар астында жолдың іздерін көру мүмкін болмады. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз»,
– дейді Ақдәулет.

Құтқарушылар науқасты аурухана жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Президент: Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет

admin_mugalzhar

ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРГЕ QR-КОДЫ БАР КАРТАЛАР БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.