«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алдағы күндері 32 градус аяз болады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. «Қазгидромет» РМК 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 13-14 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар аралас жаңбыр жауады,  солтүстік облыстарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ болады, сондай-ақ батыста ауа температурасы 5 градус аяз – 5 градус жылы, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда 5 градус аяз – 2 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

-15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан шығып, оның орнын арктикалық антициклон басады. Республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

Елдің қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді.

Ұқсас ақпараттар

КЕШЕ – ТОЛҚЫНЫ ТАСЫҒАН БҮГІН — СУЫ ТАРТЫЛҒАН ЖЕМ

admin_mugalzhar

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

admin_mugalzhar

Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.