«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жұмыс сапарымен Ембі қаласына барды. Сапар аясында аудан басшысы Ембі аудандық ауруханасының, «Ембі жылу» мекемесіне қарасты жылу қазандықтарының жұмыстарын қарады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қатты дауыл салдарынан Ембі қалалық полиция бөлімшесінің шатырының бір бөлігінде ақау орын алды. Оны қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді.

7-8 ақпан күндері Ембі қаласында да ауа райының қолайсыздығына қарамастан, оның салдарын жою үшін барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Ұқсас ақпараттар

БАСШИЛІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІС ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАНДЫ

admin_mugalzhar

ОРМАНШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,8 млн гектар жерге егіледі

admin_mugalzhar