«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қатысушылар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы және 2000 АЕК тұрғын үйге бюджеттік несие алуға үміткер бола алады.
Азаматтардың уақытын үнемдеу және мемлекеттік қолдауға ие болу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы 2023 жылдан цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтар өз өтінімін otbasybank.kz порталы арқылы жібере алады.
Осыған орай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Раш Наурызбаева Ембі қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушыларға otbasybank.kz порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары қатыса алады.