«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Құлмағамбетовтың төрағалығымен өткен отырыста биылғы көктемгі су тасқынына қатысты төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындық мәселелері талқыланды. Отырысқа кәсіпорын және мекеме басшылары қатысты.

Ауданда су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық төтенше жағдайлар, полиция бөлімінің қызметкерлерімен, әкімшілік, ауылдық округтерде орналасқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен су басуы ықтимал елді мекендердің тұрғындарымен бірнеше рет кездесулер өткізіп, алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Отырыста Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Қанат Мусин 2024 жылдың көктем мезгіліндегі Қандыағаш қаласы аумағындағы су басу қауіпі бар аймақтарды алдын алу және болдырмау мақсатындағы жұмыстары туралы баяндады. Қала аумағындағы суға кету қауіпі бар аумақтардан қар шығару жұмыстары жүргізіліп, еріген қар суы ағып өтетін суағарларды тазалау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылатынын хабарлады.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Қалдыбайұлы аудандағы өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізіп, қатаң бақылауға алуды, кез келген жағдай үшін қажетті құралдардың дайын болуын тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан үкіметі 2021 жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу ережелерін жариялады

admin_mugalzhar

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

admin_mugalzhar

ЧЕСТЬ И СЛАВА НА ВСЕ ВРЕМЕНА. О НАШИХ ЗЕМЛЯКАХ, ИХ МУЖЕСТВЕ И ГЕРОИЗМЕ В ВОЙНЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.