«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

15 мамыр – халықаралық отбасы күні

Бұл күн Қазақстанда да аталып өтіледі. 15 мамыр – 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешіммен Халықаралық отбасы күні ретінде бекітілді. Алғаш рет 1994 жылы аталып өте бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталмыш датаны отбасы күні ретінде белгілеудің астарында әлем бойынша отбасы құндылықтарына назар аудару болды. Бұл күн отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, жақын адамарды қадірлеуге баулиды.

Отанға сүйіспеншілік өз отбасыңа деген ыстық сезімнен басталады. Өзің өсіп-өнген шаңырағыңда алған үлгілі тәлім-тәрбиең – ұлттың кемелді келешегінің кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, әрбір жарасымды жанұя – еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуының негізі.

Отбасы ұғымы біздің халқымыз үшін қашанда қасиетті болып табылады. Қай кезден де ол басты құндылық, рухани қуаттандырушы және жігер беруші, тірек пен қолдау көзі болып табылады.

Айта кетейік, елімізде 6,2 миллионнан астам отбасы бар.

Сонымен қатар жыл сайын дәстүрлі түрде «Аналар» мен «Әкелер күнін» тойланып келеді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы тағы бар. Бұл шаралар қоғамда үлкен қолдау тауып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға сеп болды. Мұның бәрі отбасы – бәрін біріктіретін құндылық екенін аңғартады.

Ұқсас ақпараттар

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

admin_mugalzhar

ТМҰ бақылаушылары: референдум ашық әрі заңға сай өтті

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ»: ОН КҮНДІК АЯСЫНДА…

admin_mugalzhar