«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Онлайн жарнаманы таңбалау ережесі 2 наурызда күшіне енеді

Былтыр 10 шілдеде Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды. Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған, — деп жазды Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн жарнаманы таңбалауға тиіс. Олар жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек: «жарнама», «жарнамалық материал», «серіктестік материал», «демеушілік материал», «жарнама құқығында»,«демеушімен төленген», «PR құқығында».

Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған) және жедел хабар алмасу қызметтерінде (мессенджерлер) орналастырылатын жарнаманы арнайы белгілеудің қажеті жоқ.

Ұқсас ақпараттар

2024 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

admin_mugalzhar

Камбоджа премьер-министрінің Қазақстанға сапары тарихи мәнге ие – Президент

admin_mugalzhar

АУЫЛ ӘКІМДЕРІМЕН ЖЕКЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar