«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бірыңғай уақыт белдеуі: Қазақстан халықаралық ұйымдарды хабардар етті

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігіне сілтеме жасап.

Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:

1. IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.

Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.

2. Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:

өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;
ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;
Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.
Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс операторларына хабарласуға болады.

Ұқсас ақпараттар

BI Group Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алды

admin_mugalzhar

ОНЛАЙН САЙЛАУ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ақсуға ауызсу кірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.