«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылы Рамазан айы 11 наурыздан басталатынын хабарлап, пітір садақасының мөлшерін белгіледі, деп жазады Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Мүфтият биылғы пітір садақасының мөлшерін екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге деп бекітті. Былтыр пітір-садақа мөлшері 530 теңге болған еді. Дін ғалымдары пітір садақасын айт күні таң атқан соң айт намазын оқымай тұрып беру ұнамды амал дейді.
Алайда, пітір садақаны Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейінгі аралықта беруге болады. Көптеген адам соңғы күні пітір садақа беруді ұмытып, уақытынан кешіктіріп жатады. Сондықтан Рамазан айының ішінде де пітір садақасын беруге болады.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік қаржы ашықтығы жолында: Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі іске қосылды

admin_mugalzhar

Халық Кеңесі барлық азаматтардың мүддесін білдіреді – Бақыт Нұрмұханов

admin_mugalzhar

Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.