«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тұмаумен ауырмаудың жолы — вакцина

2017-2018  жылдың эпидемиологиялық маусымында А (H1N1 және H3N2) және В типті тұмау вирусының айналымы болжануда. Тұмау вирусының айналымы желтоқсан айынан басталып сәуір айында аяқталады. Тұмаудың ең жоғарғы кезеңі қаңтар айынанан басталып ақпан айының ортасына келеді. Сондықтан тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі ол-Вакцинация. 

Осыған байланысты Мұғалжар ауданында тұмауға қарсы вакцинациялау 1 қазанынан басталып, 2017 жылдың 15 қарашасына дейін жүргізіледі. Мұғалжар орталық аудандық ауруханасы, Ембі аудандық ауруханасына және «Шапағат» жеке меншік ауруханасына  «Гриппол+» вакцинациясы әкелінді. Оның өндірушісі – Ресей Федерациясы.

Жергілікті бюджеттен ақысыз вакцинациялауға жататын  адамдар: медицина қызметкерлері, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балалар, қарттар үйі контингенті және мүгедектері, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер және эпидемиялогияық көрсетілімдері бойынша (60 жастан асқан адамдар, мектеп интернат және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары және т.б.).

Тұмауға қарсы тұрғындарды ақылы және ақысыз түрде вакцинациялау барлық аудандық емханаларда жүргізіледі.

 

 

Н.А.Утегенов,

Мұғалжар аудандық аудандық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.

Ұқсас ақпараттар

МЕРДІГЕР МЕКЕМЕЛЕР АРҚЫЛЫ 473 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚУАНТТЫ

admin_mugalzhar

ОНЛАЙН ОҚУ: ОҢТАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ КЕЗЕКШІ ТОП:САҚТЫҚ ШАРАСЫ САҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.