«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бензин нарығын реттей алмаған вице-министр қызметінен босатылды

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Отырыс барысында Үкімет басшысы вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялап, вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты.
«Вице-министрлерге қатысты құзірет өзімде. Сондықтан мен вице-министр Әсет Мағауовқа қатысты оны лауазымды қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын. Кеңсе бүгін Үкіметтің сәйкесінше шешімін қабылдасын», — деді Бақытжан Сағынтаев. 

Ұқсас ақпараттар

«Эйр Астана» халықаралық әуерейстер санын қысқартады

admin_mugalzhar

42500 теңгелік төлем қателесіп аударылса қалай қайтару керек?

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық «Сиқыршыны» нокаутқа жіберді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.