«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨПІРЛЕР УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Еңбек ауылдық округіне қарасты Басшилі және Темір-көпір ауылдарындағы кіреберіс жолдағы көпірлер қалыпқа келтіріліп, уақытша пайдалануға берілді. Бұл туралы ауыл әкімі Аманбай Каюпов хабарлады.
“Округке қарасты Темір-көпір ауылындағы көпірді ауылдың белсенді азаматтарының арқасында қалыпқа келтірдік. Көпірге қосымша бетон жабындысы қойылып, топырақ араласқан қиыршық тас төселді. Сонымен бірге ауылдың қысқы жолдарын күтіп ұстауға жауапты мердігер мекеменің арнайы техникалары мен жұмысшылары да көмекке келді. Басшилі ауылына кіретін кіреберіс жол мен көпірді де бірнеше жерден су шайып кеткен еді. Бұл көпір де уақытша қалпына келтірілді. Аталған жұмыстардың атқарылуына ауыл белсенділері, әкімдік мамандары барынша атсалысып, ауызбіршілік танытты. Алдағы уақытта Басшилі ауылындағы көпірді қалпына келтіру үшін жұмыстанатын боламыз. Тасқын су кесірін тигізген жерлерді алдағы уақытта кезең-кезеңімен қалыпқа келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз”, — деді округ әкімі.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Әйелдерге арналған вагондар тағы үш бағытта қатынай бастады

admin_mugalzhar

Оңтүстік Кореяда президент жақтастары парламенттік сайлауда жеңіске жетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.