«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс – Үкімет басшысы

Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Штаб басшысы – Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды.

?ТЖ салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары мен салуға ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінетін болады.

Үйі апатты деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.

«Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды қанағаттанарлықсыз деп сынға алды. Қазірден бастап апаттан келтірілген залалдың көлемін бағалауды бастап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетуге кірісу керек. Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс», — деп атап өтті Штаб төрағасы.

Ұқсас ақпараттар

«Ақтөбе жастары» бойынша өтініш қабылдау басталды

admin_mugalzhar

АЯУЛЫМ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

Өңірлерде 70-ке жуық медициналық және 50-ге жуық әлеуметтік нысан салынады

admin_mugalzhar