«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Ақтөбе жастары» бойынша өтініш қабылдау басталды

Биыл қазан айында облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өңірдегі жастармен кездесуі барысында жас ақтөбеліктерді баспанамен қамту мәселесі туралы ұсыныстар айтылғаны белгілі. Бұл ұсынысқа қолдау білдірген өңір басшысы 6 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Aktobe Investment-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы аясында «Отбасы банкінің» Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимовамен арада «Ақтөбе жастары» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойған-ды.

Осыған орай облыс әкімдігі мен «Отбасы банктің» Ақтөбе облыстық филиалы бірлесіп жастардың тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған өңірлік бағдарламаның тұжырымдамасын әзірледі. Бағдарлама аясында әзірге 600 миллион теңге қаражат бөлінді. Оның 300 млн теңгесі —  «Отбасы банк» арқылы, қалған 300 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

«Отбасы банктің» облыстық филиалы өкілі Сәкен Сүлеймановтың айтуынша, аталған бағдарлама бойынша өтініштерді қабылдау кеше, 15 желтоқсан күні басталды.

— Бағдарлама бойынша 18-35 жастағы азаматтар қатыса алады. Олар Қазақстан Республикасы азаматы болуы керек. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады. Қатысушының Ақтөбе облысында соңғы 1 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің облыс аумағында тұрақты тіркеуі болуы және аттарында үйі болмауы тиіс. Қатысушы ресми түрде соңғы 12 айда жұмыс істеген болуы және зейнетақы аударымдары болуы керек, — дейді ол.

«Ақтөбе жастары» бағдарламасына денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, әлеуметтік сала, журналистика саласында еңбек етіп жүргендер, облыстың коммуналдық кәсіпорындарының, мекемелерінің қызметкерлері, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласы, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердегі жеке еңбек шарты бойынша еңбек ететін және волонтерлік қызметпен айналысатын жастар қатыса алады.

— Жастар құны 15 миллион теңгеге дейінгі үйлерді 23 жылға 5 пайызбен несиеге ала алады. Бастапқы жарна — 10 пайыз. Бастапқы және қайталама нарықтағы үйлерді алуға мүмкіндік беріліп отыр. Биыл бұл бағдарлдама бойынша кемінде 40 адам баспаналы болады деп жоспарланып отыр, — дейді Сәкен Сүлейманов.   

Бағдарламаға қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: Үлгі бойынша өтініш, Білім туралы сканерленген құжат, неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса), балалардың туу туралы сканерленген куәлігі (бар болса), өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, белгіленген үлгідегі фирмалық бланкіде, жұмыс өтілі көрсетілген, сканерленген жұмыс орнынан анықтама; ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар қажет. Өтініштер 30 желтоқсанға дейін жазбаша нұсқада облыстық жастар ресурстық орталығында қабылданады. Өтініш беру аяқталған күннен бастап он төрт күтізбелік күн ішінде балдары есептеліп, жолдамалар береді. Бұл ретте бала саны мен жұмыс өтілі, алғашқы жарна маңызды болып есептеледі.

— Жолдама алған жастар 10 күн ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет. Егер төлем қабілеттілігі расталса, қатысушы 30 күн ішінде алатын тұрғын үйді таңдап, құжаттарды «Отбасы банкке» тапсыруға міндетті. Қатысушы банк рәсімінен өтпеген жағдайда, әкімдік тізімде келесі тұрған тұлғаға жолдама беруге құқылы, — С.Сүлейманов.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУДАНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ЧЕСТЬ И СЛАВА НА ВСЕ ВРЕМЕНА. О НАШИХ ЗЕМЛЯКАХ, ИХ МУЖЕСТВЕ И ГЕРОИЗМЕ В ВОЙНЕ

admin_mugalzhar

Очередная победа Нуртаса

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.