«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЕМБІ-БІРЛІК» ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Тасқын судың кесірінен аралда қалған Бірлік ауылының тұрғындарын Ембі қаласына «СНПС Ақтөбемұнайгаз» мекемесінің вахталық жолаушылар пойызы тегін тасымалдауда.

Округ әкімі Қанағат Қалиев аталған шара аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың ұйымдастыруымен жасалып жатқанын айтты.

Бүгінде Бірлік ауылына қатынас қиын болып отырғаны рас. Себебі ауыларалық жолдарды су шайып, ауыл аралда қалып отыр. Тұрғындардың қатынасы үшін ұйымдастырылған бұл шара үлкен көмек. Сонымен бірге бүгіннен бастап жүргізілген келісімдердің арқасында «СНПС Ақтөбемұнайгаз» мекемесінің вахталық автобусы «Бірлік-Ембі» аралығында жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады, — деді Қанағат Қалиев.

Округ әкімі осындай қиын кезеңде барша мұғалжарлықтардың ізгілікке толы қайырымды істеріне ризашылығын білдіріп, бірнеше күннен бері ауылға келіп жатқан гуманитарлық көмектің шексіз екенін мәлімдеді.

Бүгінде ауылға келген гуманитарлық көмектің барлығы мұқтаж жандарға таратылып берілді. Тіпті артығымен келді деуге болады. Ауылда азықтүлік қоры жеткілікті. Бұл тасқын өзге аудандардың да тұрғындарын әбігерге салып кетті. Олардың жағдайы бізден де мүшкіл. Ендігі жиналған көмектер сол жақтарға қарай жолданса деген ұсынысымыз бар, — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

НАУРЫЗБЕК — БЕЙБІТ ЗАМАН БАТЫРЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

admin_mugalzhar

АБАЙ САҒЫНОВ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.