«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРДАН – ОЙЫЛҒА

Су тасқынынан зардап шеккен Ойыл ауданының тұрғындарына «Ақтөбе облысы медиаторлар кеңесі» ҚБ облыстық филиалының медиаторлары, Қандыағаш қаласындағы «Мейірім» тобының еріктілері мен жүрегі жылылыққа толы қамқор азаматтары көмек қолын ұсынды. Аталған топтың жетекшісі Гүлзия Иманбаева қиын жағдайда қалған ойылдықтарға көмек беруге ұмтылған қандыағаштықтардың қарасы көп болғанын айтты.

Гуманитарлық көмек туралы хабарлама берілгеннен кейін кеңсеге азық-түлік, көрпе-төсек және киім-кешек секілді заттарды әкелгендер мен қаржылай көмек көрсеткендер көп болды. Бұл шараға қала кәсіпкерлері де атсалысып, жаңа киім-кешек пен аяқ киімдер берді. Жиналған қаржыға азықтүлік пен шаруашылық тауарлары алынып, арнайы көлікпен Ойылда тасқыннан зардап шеккендерге жөнелтілді. Сондай-ақ топтың медиаторлары мен еріктілері су тасқынынан зардап шеккен Жағабұлақ ауылының тұрғындарына да көмек жіберді, — деді Гүлзия Иманбаева.

Ұқсас ақпараттар

ПРОВЕРЕНА ГОТОВНОСТЬ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА

admin_mugalzhar

Хабиб Нурмагомедов мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында мал ұрлығы төмендеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.