«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігінде қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқановтың төрағалығымен өткен отырыста бірнеше мәселелер қаралды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды бақылауды қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Самат Абдиров баяндады.

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдармен қылмысты қайта болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық №1 пробация қызметі есебінің басшысы Гүлсезім Ешмагамбетова мен аудандық №2 пробация қызметі есебінің басшысы Сейдолла Абдуллин тоқталып өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен жауапты мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕУДІ МАҚСАТ ЕТКЕН БАЛЫМБЕТ ҰСТАЗ

admin_mugalzhar

Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасында ұлттық құрама спорттың 30 түрінен ел намысын қорғайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.