«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАНАТБЕК ПЕН ЖАНСЕРІКТІҢ ИГІ ІСІ

Қызыл судың құрығында қалып, зардап шеккендерге жүрегі мейірімге толы балақайлар да көмек қолын ұсынуда. Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде оқитын ағайынды Жансерік пен Жанатбек Сұлтанбектер қайырымдылық шарасынан шет қалмай, игі іске атсалысты. Олар өздерінің жинақ қобдишаларына жинап жүрген қаржыларын қандыағаштық «Мейірім» еріктілер тобына әкеліп, көмек беруге ынталы екендіктерін жеткізген. Балақайлардың өз қажеттіліктеріне жинаған қаржысы тасқын судың кесірінен үйсіз қалған ойылдықтарға жіберілді.

Ұқсас ақпараттар

«ЕСЕПТЕГІ ЭЛЕМЕНТ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Имена и фамилии на казахской латинице будут писать по новым правилам

admin_mugalzhar