«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеге Астана қаласынан гуманитарлық көмек келді

«Аmanat» партиясы Астана қалалық филиалының қызметкерлері мәслихат депутаттарымен, әкімдікпен және бастауыш ұйым мүшелерімен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарына 100 тонна гуманитарлық көмек жинаған. Кеше жүк тиелген автокөліктер Ақтөбеге жетті, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz. 

Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға демеу болу негізінен қазақтың қанында бар қасиет. Қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлтымыздың ұлылығы да осында. Сын сағатта бірлесе әрекет етіп, тасқынға тосқын жасап жатырмыз. Ендеше, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытып жатқан Астана халқына, «Аmanat» партиясының Астана қалалық филиалына алғысымыз шексіз. Бірліктің арқасында бұл қиындықты да еңсереміз, – деді партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Ербол Данағұлов.

Партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммеджан Болысбектің айтуынша, астаналықтар ерекше белсенділік танытып, партияға тәулік бойы азық-түлік, киім-кешек жеткізіпті. Игі іске депутаттар мен кәсіпкерлер де аянбай атсалысқан.

Айта кету керек, осыған дейін Ақтөбеге Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда облысы, Шымкент қаласынан гуманитарлық көмек келді.

Ұқсас ақпараттар

СӘНІ КЕТКЕН САЯБАҚТЫҢ СҰРАҒЫ КӨП…

admin_mugalzhar

Қазақстанда мәжбүрлі еңбек жазасы қолданылуы мүмкін

admin_mugalzhar

«НҰР-ӘЛЕМ» МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЙДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.