«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады, — деп жазды Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасаған mugalzhar.kz. 

Министр өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады.

Былтыр 157 мың тұрғын үй салынған. Биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.

@qazaqstantv

Ұқсас ақпараттар

Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

admin_mugalzhar

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

admin_mugalzhar

2470 ЛИТР КӨЖЕ, 1800 КЕЛІ БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar